» » ВИДЕО: Депутат мектеп оқушысын шапалақпен бір тартты

ВИДЕО: Депутат мектеп оқушысын шапалақпен бір тартты

Ресейдің «Единая Россия» партиясының мүшесі, каратэден қара белдік иегері жасөспірімді тәрбиелеудің "ерекше" жолын көрсетті.
Мәскеу облысы, Пушкин ауданы, Лесной елді-мекеніндегі мектеп стадионына келген депутат маңызды мәселелерді шешпек болыпты. Бірақ оның дегбірін бір топ жасөспірім қашырып жіберді. Кең орындыққа жайқасқан оқушылар қатты даурығып сөйлеп, депутаттың сөзіне кедергі келтірген.  Депутат олардан шуламауын өтінді. Сол кезде оқушылар оның ойнауға кедергі келтіретінін айтты. Содан кейін оның қасында отырған бір бала былай деді: «Немене, мені ұрасыз ба? Ол үшін қылмыстық бап бар». Тап сол кезде Одинцов мырзаның шыдамы таусылып, заңды жақсы білетін 8-сынып оқушысын шапалақпен тартып жіберді.  Жасөспірім мұғаліміне шағымданып, ал мұғалима депутаттан түсініктеме талап етті. Депутаттық мандатын көрсеткен Одинцов оған ештеме болмайтынын және ешкім ештеңке дәлелдей алмайтынын айтты.  Оның айтуынша, ызбарлы 90-шы жылдарда есейген ол жастармен қалай сөйлесу керектігін жақсы біледі.  Халық қалаулысының әрекетіне шамданған оқушының ата-анасы депутатты сотқа бермекші. Бір қызығы, Андрей Одинцовтың үш жоғары білімі бар, оның біреуі - педагогикалық. 
https://youtu.be/Z4J_-QavXqI
22 мамыр 2018 ж. 783 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031