ЗАМАНЫҢ ТҮЛКІ БОЛСА...

Тіл үйрену – қазаққа жат емес. Бірақ қарсы пікір қарша жауды. «Өз тілін қарқ қыла алмаған бұл үкімет өзгені жарылқағаны күлкілі» деген сын да айтылды. Елбасы Жолдауына үш тіліділк енгізгенде, ана тіліміз қазақ тілі ең біріншісі болады, ал қалғаны төл тілімізді төрден түсіре алмайды деп әңгіменің басын ашып алды. Кезінде қазақ перзенті Абылайхан: «Білекпен күш сынасатын кезде намысты қолдан бермедік, ал енді біліммен жарысар кезде қапыда қалып жүрмелік» деген екен. Түлкі заман үш тілді талап қылса, тазыша шалып іске кіріскен жөн.
Дәулет ҚАРШЫҒАҰЛЫ