» » Қақпа алдында кездесу

Қақпа алдында кездесу

   Жазатайым немесе қасақана жағдайда қылмысқа барып, жазаға тартылған сотталған азаматтардың  жаза мерзімін толық өтеп, темір тордан босатылғаннан кейін  бостандықтағы өмірге сіңісіп, қоғамға қайта бейімделіп кетуі үшін  «Қақпа алдында кездесу» жобасының маңызы зор. Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінен босап шыққан сотталған азаматтарға  «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасын ұйымдастыру жүйелі жалғасын тауып келеді. Айталық, мамыр айының ортасында  жаза мерзімін толық  өтеп босатылған  азамат  Б.С.Қуанышевтың қатысуымен «Қақпа алдында кездесу» шарасы өткізілді. Аталған  шараға Қызылорда  қалалық  ішкі істер басқармасының жергілікті полиция және  қалалық пробация қызметі, Қызылорда облысы бойынша қылмыстық жазасын өтеген адамдарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалту орталығы және «Арылу»  қоғамдық қорының өкілдері шақырылып, Жоба аясында әлеуметтік байланыстарды орнату, кәсіби білім алу, біліктілігін арттыру, жұмыспен қамту, кепілді медициналық көмегін алу, құқықтық көмек, құжаттарын қайта қалпына келтіру бағыттары бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, кеңестер берілді. Жоба аясында қажетті ақпараттар алып, сауалдарына жауап алған Б.С.Қуанышев  шараны ұйымдастырушы мекеме әкімшілігіне және сала мамандарына алғысын білдіріп, жоба аясында тиісті көмектерге қол жеткізетін болды.
ЗК-169/5 мекемесінің
САТЖЖ бөлімінің жасақ бастығы
әділет  капитаны   Н.Әубәкіров
24 мамыр 2018 ж. 1 021 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031