» » Латынға көшу игі қадам

Латынға көшу игі қадам

   Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың  «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына сәйкес әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшірудің тиімділігі мен маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Осы орайда, Қызылорда облысы ҚАЖ департаменті ЗК-169/5 мекемесінің мәжіліс залында «Латын әліпбиіне көшу-тіліміз үшін жасалған игі қадам» тақырыбы аясында жиын өткізілді. Жиынға Қызылорда облыстық тілдерді оқыту өңірлік орталығының әдіскері Ж.Ерегешова, Қызылорда облысы ҚАЖ департаментінің мемлекеттік тілде аудармашысы Д.Достанова және мекеме бастығының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Б.Омаров пен мекеме қызметкерлері қатысты. Жиын барысында Ж.Ерегешова Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы мен кезең-кезеңімен атқарылатын жұмыстар жөнінде толық мәліметтер беріп, қатысушылардың көкейінде жүрген халықтың жаңа әріптерді меңгеруі,  әсіресе орта жастан асқан сондай-ақ қарт адамдардың оқып –жазуға бейімделуі қиын болатыны жөніндегі сауалдарына жауап беріп, қатысушыларға кең көлемде ақпараттар берді. Әрине, латын тілін бірден үйреніп, қолданысқа енгізіп жіберу оңай шаруа емес, сондықтан  қандай іс қылсаң да, қиындығымен болатынын ескеріп мұны ұлт болып шешудің жолын қарастырғанымыз жөн. Еліміз үшін, еліміздің болашағы үшін жасалып отырған Елбасының осындай игі бастамасына мекеме қызметкерлері бір ауыздан қолдау білдіріп, алдағы уақыттарда латын әліпбиін үйренуге ниетті екендіктерін жеткізіп, тіліміздің өркендеп дамуына  тілектестік танытты.
ЗК-169/5 мекемесінің
 мемлекеттік тілде аудармашысы    А.Бакирова
24 мамыр 2018 ж. 873 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031