МАХАББАТ ТУРАЛЫ ЖАПОН ТЕСТІ
Жапон профессоры Исамо Сайто – психологиядағы кокология деп аталатын тың бағыттың авторы. Кокологияға сәйкес, тестке қатысушыға оқиға сипатталады. Нәтижесінде ол өзінің қиялындағы жауаппен сәйкес нұсқаны таңдайды. Міне, осындай махаббатқа қатысты көзқарасты айқындайтын кокологиялық тесті назарыңызға ұсынамыз:
Өте қорқынышты құбыжық ауыл тұрғындарының үрейін ұшырды. Сіздің ойыңызша, оған не керек? Орманның ішінен неге шықты?
А. Аштыққаны сонша азық іздеуге шықты.
Б. Баласын жоғалтып алған.
В. Ол жыртқыш қой. Түсінікті емес пе?
Г. Оның өмірінде жан түршігерлік жағдай орын алды. Өзіне назар аудару үшін шыққан.
Құпия табынушыңыз сізге хат жіберді. Оның ішінде не жазылған?
А. Әйгілі жазушының өмірбаяны.
Б. Комедиялық пьеса.
В. Әдеби шығарма.
Г. Махаббат туралы өлең.
Сізде сиқырлы веер бар. Белгілі бір жанға желпісеңіз, ол ғайып болады. Бұл затты кімге қолданар едіңіз?
А. Өзіме.
Б. Сүйікті адамыма.
В. Көңіліме жақпайтын жанға.
Орманда кітап оқып отырсыз. Кенет жаныңызға бір адам келіп, сөз бастады...
А. Бұл туындыны мен де оқыдым. Керемет шығарма, келісесіз бе?
Б. Оқиға желісі көңіліңізден шықты ма?
В. Көмектесіп жіберіңізші, орталық алаңға қалай жетемін?
Г. Сыйлығым сізге ұнағанына қуаныштымын.
Достарыңыз теңізде қыдыруға шақырды. Кемеге мінген кезде не көрдіңіз?
А. Күн нұрына шомылған тып-тыныш теңіз.
Б. Ай сәулесі түскен түнгі теңіз.
В. Тұман басқан сұр теңіз.
Г. Қызарып батқан күн.
Жауабы:
Құбыжық – өміріңіздегі басты мәселе
А. Сіз өзіңізді арманыңыздан жиі шектейсіз.
Б. Махаббатта жолыңыз болмай жүр.
В. Айналадағылар көңіліңізді қалдырып жүр.
Г. Өзіңізді жалғыз сезінесіз.
Сыйлық – көркем мінезіңіздің бірі
А. Сенімділігіңіз басым.
Б. Достарыңыз әзілқойлығыңызды жақсы көреді.
В. Көңіл-күйіңіз шабытқа байланысты.
Г. Сіз әркез демеу болуға тырысасыз.
3. Веер – мәселені шешу тәсіліңіз
А. Қиын сәтте басыңызды құмға тығып, қашқақтап, өздігінен шешілгенін қалайсыз.
Б. Жақыныңызға жауапкершілік артқанды жақсы көресіз.
В. Мәселеге тап болғанда бірден шешуге талпынасыз.
4. Бақшадағы жағдай сіздің адаммен қарым-қатынасыңызды айқындайды
А. Сіз үшін адаммен жиі тілдескен маңызды.
Б. Араласатын ортаңыз тек жақын адамдар. Жаңа таныстықты жақсы көрмейсіз.
В. Жалғыздықты ұнатасыз. Өзгенің ойын елемейсіз.
Г. Көптің алдында жүрген ұнайды.
5. Теңіз – арманыңыздағы жардың сипаты
А. Оның мінезі ашық, адамдармен тез тіл табысады, эмоциясын жасырмайды.
Б. Ол сіздің барлық сырыңызды біледі. Ең бастысы, ол сенімді жан.
В. Сіздің пікіріңізше, ғашығыңыз ең алдымен жақын досыңыз.
Г. Шынайы махаббат тек әдеби романда болады деп сенесіз.