Жұмыла күресуге шақырды

Компания басшылығы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып вахталық әдіспен жұмыс жасайтын қызметкерлермен мұнай кеніштерінде кездесулер өткізіп, барлық қызметкерлерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруда белсенділік көрсетуге шақырды.
Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлық әрекеттердің зардаптары мен жауапкершілігі туралы айтылып, «Қоғамдық бақылау картасы» жобасы кеңінен түсіндірілді.