» » ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ҰШТАСАР СӘТ

ҮМІТ ПЕН СЕНІМ ҰШТАСАР СӘТ

   Биылғы 2017-2018 оқу жылын облысымыз бойынша 147 585 оқушы аяқтадыОның 7113-i  он бiрiншi сынып оқушылары.  Қазіргі таңда емтиханнан босатылғаны – 46, қалған 7067 оқушы қорытынды аттестаттаудан өтіп, ҰБТ сынағына қатысады. Осы күні оқушылар қорытынды аттестаттау бойынша  ­­5 пәннен емтихан тапсырып жатыр. 

Бір қуанарлығы, биылғы мектеп бiтiрушiлердiң 81%-і жаратылыстану-математикалық, 19%-і гуманитарлық ба­ғыт­тағы пәндерді таңдаған. Әри­не, бұл дұрыс шешім. Өйткені, биыл­ғы жылы қосымша беріліп отыр­ған 20 мың гранттың  басым бө­лігі техникалық мамандықтарға бері­леді. Демек, түлектеріміздің осы маман­дықтар бойынша грант жеңіп алуына мүмкіндігі жоғары.  Осыған дейін айтып келгеніміздей, биылғы түлектер ішінен 343-і «Алтын белгіге», 232-сі «Үздік аттестатқа» үміткер. Олар осы дәреженi мектеп қабырғасында мемлекеттік қорытынды аттестаттау нәтижесімен дәлелдейді. Айта кетейік, министрліктің тапсырмасына сәйкес, биыл мектеп бітіру кештері барлық емтихандар аяқталған соң, 15 маусымға дейін ұйымдастырылатын болады. Одан кейін жоғары оқу орындарына түсуге ниет білдірген бітірушілер Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады.   
Республика бойынша Ұлттық бір­ыңғай тестілеу 20 маусым мен 1 шіл­де аралығында өтеді, біздің облыста 20-22 маусым күндері 9 тестілеу пункт­інде өтетін болады. Оған облыс мектептерінің 7113 түлегінің 4821-і, яғни 67,8%-і қатысады деп күтілуде.
ҰБТ-ға Қызылорда қаласы – 80,6%, Жалағаш ауданы – 71,3%, Қармақшы ауданы  70,6% қатысатыны белгілі болып отыр. Яғни, қатысу көрсеткіші жоғары. Ал Қазалы ауданы – 69,6%, Сырдария ауданы – 64,2% болса, Шиелі ауданы – 58,5%, Арал ауданы – 54,7%, Жаңақорған ауданы – 52,9% қатысады деп күтілуде.
ҰБТ-ға әзірлік бағытында жыл бойы жұмыс жасайтын лагерьлерде мектеп бітірушілердің 94 %-і  арнайы дайындықтан өткізіліп, бұл мақсатта жергілікті бюджеттен 109 млн қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге сынама тестілеу қорытындысы бойынша орташа көр­сеткіш 90,5 балды құрап отыр. Оқу жылы барысында әлеуметтік аз қамтылған отбасының балалары үшін дайындықтарын жетілдіруге тегін сынама кітапшалар таратылды. Осы мақсатта     18,2  млн  теңге қажетті қар­жысы жергілікті бюджеттерден қара­лып, қолдау көрсетілді. Жалпы, Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру шаралары, оның ішінде балалардың тасымалдануы, тамақтануы, жатын орынмен қамтамасыз етілуі мәсе­лелері бүгінгі күні толық шешімін тапты. Облыстағы 9 тестілеу пункті ереже талаптарына сәйкес қажетті құралдармен жабдықталған.
Министрлік тапсырмасына орай, тестілеу барысында онлайн транс­ляция жүргізіледі. Яғни, кез-келген ата-ана тестілеу пункттеріне бармай-ақ,  балаларының тест тапсыру ке­зін өз телефондарынан немесе ком­пьютерлерінен бақылай алады.                 
 
  Ғазиза ӘБІЛДА
09 маусым 2018 ж. 823 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031