» » ТІЛЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ

ТІЛЕГІМІЗ – ТҰРАҚТЫЛЫҚ

Бүкіл әлем ұлы өзгерістерді бастан өткізуде. Жаңа технологиялар заманы өз дегенін жасауда. Қоғам дамуына ілесіп жүріп, қадам басу емес, оның негізгі қозғаушы күшіне айналу әрбір азаматтың, ұлттың тағдыр кешті міндетіне айналғанына да тәуелсіздік жылдарының әрбір күні куә.
Мемлекетіміздің негізінің берік қалануы әрбір қазақтың, Республиканың әрбір азаматының саяси көзқарасының тұрақтылығына, еліміздің болашағына деген сенімінің нық болуына тікелей байланысты. Кейбір бұқаралық ақпарат беттерінде, түрлі-түрлі әлеуметтік желілерде өз көзқарастарын білдірген белгілі бір топтардың іс-әрекеттері бой көрсете бастады. Ойланатын жағдай. Елдің бірлігіне, татулық тірлігіне, болашағымызға көлеңке түсіретін жайттар екенін мойындауымыз керек. Әрбір саналы азамат асқан жауапкершілікпен ойлануы керек. Қазіргі заман «бара жатқанмен» барып, «келе жатқанмен»  еріп жүретін уақыт емес. Оқығанымыз бар, тоқығанымыз жеткілікті, білімді азаматтарымыз осы жағына сақ болуымыз керек. Қандай жағдайда да бір нәрсені ұмытпауға тиістіміз. Ол – еліміздің тәуелсіздігі, территориямыздың тұтастығы, халқымыздың ауызбіршілігі, ынтымағы.
Бізде бір нәрсе анық болу керек. Демократиялық қоғамның негізі – әрбір қабылданған заң актілерінің сөзсіз орындалуына қол жеткізу, ал оның түпкі мақсаты – тұрмысымызды жақсартуға негіз қалау, азаматтардың бостандығын, еркіндігін қамтамасыз ету. Бұл жолда біреулердің арандатуына ермей, тұтастықты сақтау өте маңызды. Бұл біздің әрқайсысымыздың асқан жауапкершілікпен қарайтын перзенттік – туған жер, Отан алдындағы борышымыз. Тәуелсіздігіміз бәрінен қымбат, қасиетті ұғым.
Сайлаубай ӘБІШЕВ,
Қызылорда қалалық ардагерлер 
кеңесінің төрағасы.
18 маусым 2018 ж. 749 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031