Елорда мен Елбасы - егіз ұғым
Аталмыш шара шілде айының 12-15 күндерін қамтыды. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған танымдық саяхатта білім алушылар еліміздің бас ордасындағы көрікті жерлерге тұрақтады. Астана қаласының бейресми символына айналған "Бәйтерек" монументінен бастау алған экскурсия "Казақстан Республикасы Ұлттық музейінен" аяқталды. Өз мақсатында орын алған шарада студенттер қола дәуірі мен бүгінгі Елордаға дейінгі тарихпен танысты.
Экскурсия қатысушыларына жетекші болып университеттің Студенттер Кәсіподақ комитетінің төрағасы Шәкизат Қаратайұлы барды.
- «Шараның негізгі мақсаты университетіміздің ағымдағы жылғы жоспары шеңберінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай Астана қаласына экскурсия ұйымдастыру болатын және біз оны бүгін орындадық. Өз бойындағы ерекше қабілетпен қатар озық үлгі танытып жүрген оқу озаттары мен белсенді де өнерлі студенттеріміз жасалған жұмысқа дән риза. Тек көрнекті жерлерді көріп қана қоймай ел тарихымен терең таныстыруды да негізгі бағыт етіп алдық» , - деп саяхаттың мақсатын түсіндірді.