» » Суда жүзетін робот пайда болды

Суда жүзетін робот пайда болды

Қытайдың теміржол жылжымалы құрамының корпорациясы су астында жүк таситын әлемдегі алғашқы роботты таныстырды.
Белгілі болғандай, қытайлықтар ойлап тапқан роботталған ROV капсуласы жүктерді ғана емес, жолаушыларды да тасымалдай алады. Роботтың қозғалтқышының қуаты 250 ат күшіне тең. Болжам бойынша, ол алғашқы кезеңдерде түрлі зерттеу экспедициялары аясында және құтқару жұмыстары үшін қолданылатын болады. Құрастырушылардың айтуынша, ROV-ты үш шақырым тереңдікте пайдалануға болады. Оны құтқару мен зерттеу миссияларынан бөлек, теңіз түбінен пайдалы қазбаларды табу үшін жұмсауға да мүмкіндік береді.
Суасты роботты сынақтан өткізу 2020 жылы басталады. Егер сынақ сәтті өткен жағдайда оның жаппай өндірісі басталмақ. Су астында жүк тасымалдайтын қытайлық роботтың аналогы әзірге әлемде жоқ. Бірақ оны жаппай өндіріске енгізгенге дейін өзге елдерде ұқсас жобалар пайда болуы мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.
23 шілде 2018 ж. 802 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031