ӘЛЕУМЕТТІК ТӨЛЕМ ЖҮЙЕсІНЕ ӨЗГЕРІС ЕНДІ

Биыл 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақыны тағайындау механизмі өзгерді. Бүгінде базалық зейнетақы азаматтың еңбек өтіліне және табысына қарамастан баршаға бірдей тағайындалады. Базалық зейнетақыны тағайындаудың жаңа ережесіне сай 1998 жылдың 1 қаңтарына дейін жинақталған еңбек өтілі және 1998 жылдан кейін жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі кезеңі есепке алынады. Сонымен қатар, кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедекті бағып отырған ата-анаға қосымша ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы енгізілді. Жәрдемақының мөлшері күнкөрістің ең төменгі деңгейі яғни, 29 699 теңгеге тең.