» » КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ӨЗДЕРІНЕ ҚАЙТАРЫЛА МА?

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ҚАРЖЫСЫ ӨЗДЕРІНЕ ҚАЙТАРЫЛА МА?

Мемлекеттік органдардың мәселеге жеткілікті деңгейде мән бермеуі кәсіпкерлердің артық шығын шығаруына алып келіп отыр. Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Ғалым Едігеев айтты.
Облыс әкімінің қатысуымен кеше Қызылордада алғаш рет Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі облыстық комиссиясының және Қызылорда облысының кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің бірлескен отырысы өтті.
Отырыста өңірдегі бірнеше өзекті мәселелер қаралды. Соның бірі – кәсіпкерлердің құқығының қорғалу барысы.
Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Ғалым Едігеев Палатамен тұрақты түрде кәсіпкерлерге кәсіби құқықтық көмек көрсетіліп, кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделері жергілікті мемлекеттік, құқық қорғау органдарында және сот отырыстарының барлық сатыларында қамтамасыз етіліп жатқандығын, мемлекеттік органдармен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылуда екендігін жеткізді. Сондай-ақ, кәсіпкерлердің бүгінгі таңда кездесіп отырған проблемасын да ортаға салды.
Ғалым Едігеев: «Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы шешімімен облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде және Қызылорда қаласының аумағындағы жарнама объектілері бойынша ай сайынғы базалық төлемақы мөлшерлемелері екі есеге арттырылған. Алайда, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жекелеген бөліктері, оның ішінде 530-бабының күші 2017 жылдың 25 желтоқсанында жаңадан қабылданған Салық кодексімен жойылып, 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген. Негізі «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес, жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік-құқықтық актінің күші жойылды деп танылған кезде оны іске асыру үшін қабылданған төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тануға жатады.
Облыстық мәслихаттың аталған шешімі тек 2018 жылдың 1 маусымында ғана жойылған. Аталған уақыт аралығында Қызылорда қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасымен қала көлеміндегі 299 кәсіпкерге ағымдағы жылдың 5 айы үшін жарнаманы орналастырғаннан туындайтын төлем негізсіз 2 еселенген мөлшерде есептелген. Осылайша, облыстық мәслихаттың шешімінің күшін уақытылы жою қамтамасыз етілмеуі салдарынан және мемлекеттік кірістер органдары қызметкерлерінің заң талаптарын дұрыс білмеуі салдарынан 299 кәсіпкерлік субъектілердің жарнама төлемдері негізсіз 2 есеге арттырылып есептелуіне жол беріліп, салық салудың әділдігі қағидаты бұзылған», - дей келе, аймақ басшысынан кәсіпкерлердің құқықтарының бұзылуына жол берген жауапты қызметкерлердің жауапкершілігін қараумен бірге, артық төленген салық төлемдерін қайта есептеу немесе қайтару мәселесіне қолдау көрсетуін сұрады.
Айта кету керек, Палата құрылғалы бері кәсіпкерлік субъектілерінен 2000-нан астам өтініш келіп түссе, оның 67% кәсіпкердің пайдасына шешілді, 3,4 млрд. теңгеге материалдық құқықтары қорғалды.
Палатаның сарапшылары 300-ден аса сот отырыстарына қатысып, нәтижесімен сот процесстерінің 80% кәсіпкерлердің пайдасына шешілді.
Көрсетілген бағыттағы жұмыстарды күшейту мақсатында 2014 жылы Палатаның жанынан тұрақты жұмысшы орган – Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңесі құрылып, құрамына құқық қорғау органдары, кәсіпкерлік субъектілерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, заңгерлер мен қоғам қайраткерлері енгізілген.
Кеңестің тұрақты отырыстарында кәсіпкерлік субъектілерінің заңды мүдделерін шектеуге, мемлекеттік органдардың әрекеттері немесе әрекетсіздігіне байланысты орын алған нақты және жүйелі жағдайлардың шешілу жолдары қарастырылады.
Барлығы 19 отырыс өткізіліп, жүйелі түрде қалаптасқан 27 проблемалық мәселе қаралып, нәтижесі бойынша 500-ден аса кәсіпкердің заңды мүдделері қорғалған. Бұған қоса, 25 лауазымды тұлға әртүрлі жауапкершілкке тартылды.

Қызылорда облысы
кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі
27 шілде 2018 ж. 653 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031