» » Теміржолмен жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалданады

Теміржолмен жыл соңына дейін 106,5 млн тонна көмір тасымалданады

«ҚТЖ» ҰК» АҚ ірі көмір кендері өкілдерінің қатысуымен жылу беру маусымында көмірді тоқтаусыз тасымалдау туралы кеңес өткізді.
Биылғы жеті айда «ҚТЖ» ҰК» АҚ желілерінде 56 миллион тонна жүк тиелді. Оның 4,5 миллион тоннасы коммунальдық –тұрмыстық мақсатқа бағытталған. Ол өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10% жоғары.
«ҚТЖ-Жүк тасымалы» АҚ бас директорының міндетін атқарушы Мұқтар Жамбыловтың хабарлауынша, жыл аяғына дейін 106,5 миллион тонна көмір тасымалданбақ.
«Оның 71,9 миллион тоннасы тұтынушыларға бағытталса, 34,6 миллион тоннасы экспортқа жіберіледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3,5 % жоғары», - деді ол.
Биылғы жеті айда көмір кендерінің кіре берістерінде вагон айналымының орташа нормасы 11,7 сағат болса, іс жүзінде 24,2 сағатқа созылды. Осылайша, жыл басынан бері вагон айналымы нормасы орындалмауы салдарынан 70 мыңнан астам вагон жүк тиеу ресурсы жоғалғандығы белгілі болды.
12 тамыз 2018 ж. 1 030 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031