» » Алматылық жігіт айды аспанға шығарды

Алматылық жігіт айды аспанға шығарды

    Алматыдағы орталық мешіт жанында қасиетті Құрбан айт мерекесіне орай, ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтті. Сайыста алматылық балуан Ілияс Жұмай өзгелерден оқ бойы озып, күштілігін танытты. Білектің мықтылығын сарапқа салынатын салтанатты жарыс айт намазы аяқтала салысымен басталып кеткен болатын. Қаншама мыңдаған көрермендердің алдында жігіттер қой көтеру, қол күрестіру, асық ату спорттары бойынша сынға түсіп, шын мықтыны анықтауға тырысып бақты. Сайыс ішіндегі көрермендердің ерекше қызығушылығын тудырған, бәсекеге толы болған жарыс – «қошқар көтеру» сайысы болды. Жарыста кім қойды көбірек көтерсе, сол топ жарады. Бұл жарыста Ілияс Жұмай жеңімпаз болып, жүзден жүйрік шықса, Бауыржан Әбдіхайым екінші орынға ие болды. Ілияс Жұмай қошқарды көтеріп, 510 рет отырып тұрған. «Егер қарсыласым 600 рет көтерсе, мен онда 605 рет көтеруге талпынатын едім» дейді еркін күресткен Қазақстан құрамасының мүшесі, жеңімпаз Ілияс Жұмай. Еске салсақ, барша Қазақстан халқы бүгіннен бастап қасиетті Құрбан айт мерекесін тойлап жатыр. Бұл жылы қастерлі күн 21 тамызға сәйкес келген. Қазақстанда бұл мереке күні азаматтар демалып, бір-бірінің үйлеріне айттап барып, мерекелейді. «Құрбан айт – мейірімділіктің, кешірімнің мейрамы. Бұл күні жан-жағындағыларға, үлкендерге көбірек көңіл бөліп, мұқтаж жандарға барынша көмек беру қажет» деген болатын бас мүфти Серікбай қажы Ораз. Адамдар бүгін жаппай қой сатып алып, құрбан шалып жатыр. Бұл күні сойылған қойларды мейлінше мұқтаж жандарға таратып, адамдар сауап жинауға тырысады.

21 тамыз 2018 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031