» » "АЙМАҚ БАСПАСӨЗІ: ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ"

"АЙМАҚ БАСПАСӨЗІ: ДӘСТҮР САБАҚТАСТЫҒЫ МЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ"

     Мәдениет және өнерді дамыту орталығында "Аймақ баспасөзі: дәстүр сабақтастығы мен жаңашылдық" атты облыстық көшпелі алқа мәжілісі өтті.
Басқосуға аудан әкімі Қайратбек Сәрсенбаев, "Сыр медиа" ЖШС бас директоры Аманжол Оңғарбаев пен серіктестікке қарасты облыстық, қалалық және барлық аудандағы газеттердің бас редакторлары қатысты.
Алқа мәжілісте басылымның сайт қызметі туралы, ақпарат таратудағы жеделдік, газеттің мазмұндық, көркемдік сапасын жақсарта түсу секілді мәселелер талқыланды. Қатысушылар тақырып төңірегінде ұсыныс-пікірлер айтып, аймақ баспасөзі мазмұнын одан әрі жандандыру аясында сөз қозғады.
Сонымен бірге, баспасөзге жазылу, жарнама қызметі, баспасөздегі тақырыптық құндылықтар секілді мәселелер де назардан тыс қалған жоқ.
Жиын соңында серіктестіктің бас директоры А.Оңғарбаев көтерілген мәселелер бойынша тиісті тапсырмалар беріп, алдағы міндеттерді нақтылады.
28 тамыз 2018 ж. 807 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031