» » Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

Тарихтағы ең төмен нәтиже: Азиада ойындары Қазақстан үшін сәтсіз болды

   Бүгін Индонезияда өтіп жатқан Азиада ойындарының қорытынды күні. Біздің отандас спортшыларымыз ойын көрсетуді кеше аяқтаған, сондықтан бүгінгі ойын нәтижелері медальдік есепте Қазақстанның қорытынды орнына еш әсер етпейді, деп хабарлайды   Sportinform 

Жарыс нәтижесі бойынша қазақстандық атлеттер жалпы есепте тоғызыншы орынға жайғасты.
Айта кетсек, бұрын соңды Қазақстан әрдайым Азия мемлекеттерінің үздік бестігіне ілініп жүрген. Алайда биылғы Азиада-2018 ойындары қоржынымызға түскен алтын (15) мен күміс (17) медальдарының саны бойынша Қазақстан үшін ең сәтсіз болды. Тек қола жүлде бойынша отандастарымыз өз рекордын 44 медальмен орната алды.
Медальдік есептің үштігіне Қытай, Жапония және Корея мемлекеттері кірді. Төртінші орынға ойындар өтіп жатқан Индонезия елі орналасса, көршілес Өзбекстан бестікті аяқтады.
Естеріңізге салсақ, қазақстандық ватерполшылар ақтық кезеңде алтын жүлдеге ие болып, Азиада ойындарында қатарынан үшінші рет чемпион атанған болатын. 
02 қыркүйек 2018 ж. 1 064 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031