» » «7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы 7 несие берілді

«7-20-25» бағдарламасы бойынша алғашқы 7 несие берілді


Елімізде «7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотекалық несие беріле бастады. Бастама іске қосылған бірінші күннің өзінде баспаналы болуға ниетті азаматтардан 3 мыңнан астам өтінім келіп түскен. Қазіргі уақытта екінші деңгейлі банктермен 7 келісім-шарт жасалған. Бұл туралы арнамызда өткен «Круглый стол» бағдарламасы аясында «Баспана» ипотекалық ұйымының» басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде 1 миллиард теңге көлемінде несие мақұлданып, жақын арада азаматтарға берілмек. Қайрат Алтынбеков, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ басқарма төрағасы: - Біз осыдан 3-4 күн бұрын бағдарламаны іске қостық. Астана, Алматы, Ақтау, Орал қалаларында 7 несие берілді. Қазіргі уақытта бұл жобаға халықтан сұраныс жоғары. Күн сайын телефонға хабарласушылар көп, хаттар түсіп жатыр.

13 шілде 2018 ж. 1 151 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31