Баспана Хит
Бүгін "Баспана" Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков елімізде жаңа тұрғын үй бағдарламасының іске қосылғанын айтты. Бағдарлама атауы – "Баспана Хит", деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
"Өздеріңіз білетіндей, "7-20-25" бағдарламасы бойынша тек бірінші тұрғын үй нарығындағы, яғни жаңа баспананы сатып алуға болады. "Баспана" компаниясы осыны ескере отырып, "7-20-25" бағдарламасынан бөлек, екінші тұрғын үй нарығындағы баспананы несиелеуге бағытталған арнайы жоба əзірледі. Бұл бағдарлама "Баспана хит" деп аталады", – деді Қ.Алтынбеков Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.
Қайрат Алтынбеков жаңа бағдарламаның шарттарымен де таныстырды. Оның айтуынша, бастапқы жарна баспана бағасының 20 пайызынан басталады. Пайыздық мөлшерлемесі – Ұлттық банктің базалық ставкасы + 1,75 %-ды құрайды. Қазіргі таңда Ұлттық банктің базалық ставкасы – 9 %. Сəйкесінше, аталған бағдарламаның пайыздық мөлшерлемесі 10,75 % болады. Несие мерзімі – 15 жылға дейін.