«7-20-25» іске қосылды

– Маусымда ҚР Парламенті заңнаманы тиімді іске асыруға қажетті түзетулерді қамтитын заң жобасын қабылдады. Бағдарлама халыққа 7% мөлшерлеме бойынша ипотекалық кредит алу үшін оңтайлы жағдайлар, кредиттелетін тұрғын үй құнының 20% мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін несие мерзімін ұсынады, – деді Ә.Мұстафин.
Аталған бағдарламаға қарыз алушы азамат банкке еңбек немесе кәсіпкерлік қызметтен кірісінің болуын растайтын құжатты, ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша өтелмеген берешегінің, тұрғын үйінің болмауы туралы анықтаманы және тәуелсіз бағалаушының бағасын ұсынады. Бүгінде «Баспана» ұйымы Центркредит, Халық, Еуразия, Цесна, АТФ, РБК және Тұрғынүй құрылысы жинақ банкімен келісімге қол қойды.
Айгүл ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ