» » ЕЛБАСЫ ШЫРШАСЫ

ЕЛБАСЫ ШЫРШАСЫ


Сыр бүлдіршіндеріне арналған Президенттің жаңа жылдық шырша шамы жағылды. Салтанатты шара «Сұлтан плаза» кешенінде Елорданың құрылғанына 20 жыл толуына орай «Асқақ ордам – Астана» атты тақырыпта өтті.
Кешке аймағымыздағы оқу озаттары, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балалары және «Атамекен» балалар ауылының тәрбиеленушілері шақырылды. Қатысушылар  қала бойынша экскурсия жасап, облыстық тарихи-өлкетану музейін, Ә.Тәжібаев атындағы кітапхананы, орталық алаңды және өзге де Қызылорданың көрікті жерлерімен танысты. Шырша тойы өтетін кең  зал түгелдей елорданың әсем ғимараттарының көрінісімен безендірілген. «Бәйтерек», «Мәңгілік ел», «Ақ орда», «Хан Шатыр» секілді ғимараттардың жанында балалар суретке түсіп, ару қала Астананы аралағандай күй кешті. Мерекелік іс-шара Елбасы Н.Назарбаевтың жаңажылдық құттықтауымен басталды. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
− Бүгін еліміздің барлық өңірінде Елбасы атынан балаларға арналған жаңа жылдық шырша өтуде. Еліміздің түкпір-түкпірінде балалар жаңажылдық шыршаның жанында жиналып, армандарының орындалуын үлкен үмітпен күтуде. Сіздер таңғажайып кезеңде өмір сүресіздер. Ғасырлар бойы орындалмас арман деп саналатын көптеген ғажаптар бүгінде шындыққа айналды. Сіздер жақсы оқып, халықаралық олимпиада, шығармашылық және спорттық байқауларда жеңімпаз атанып жүргендерің мені қуантады. Болашақта әрқайсысың еліміздің мақтанышы болатындарыңа сенемін», − деді облыс әкімі.
Президент шыршасына алғаш қатысып отырған бүлдіршіндердің қуанышында шек жоқ. Елбасы мен аймақ басшысына жан-жақты қолдауы мен қамқорлық көрсеткені үшін алғыстарын айтты.
− Бас шыршаға қатысқаныма қатты қуаныштымын.  Бізді Жаңа жыл мерекесімен Елбасының  өзі құттықтады. Мемлекет басшысының атынан шырша мерекесіне келген балаларға сыйлық тарту етілді. Әсіресе Президентіміз бізге Астана туралы кітап сыйлады. Бәрімізге бір-бірден ноутбук берілді. Шырша тойы болашаққа деген сенімімді нығайта түсті, − дейді, №271 орта мектептің 4-сынып оқушысы Сағыныш Туленбекова.  Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, тәттілер мен сыйлықтар таратылды. Биылғы жаңажылдық Президент шыршасына барлығы 200 бала қатысты.
Гүлбану МАҚАЖАН
28 желтоқсан 2017 ж. 1 517 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031