Таңғажайып жұлдыз-жорамал
ТОҚТЫ
Аптада болатын оқиғалар əсерінен өміріңіз түбегейлі өзгеруі мүмкін. Алда күтіп тұрған қиындықтарға дайын болыңыз, бəрін ақылмен шешуге тырысыңыз. Алайда қам жемеңіз, сізде бәрі жақсы болады. Күтпеген жерден тосын сыйға кеңелесіз.
ТОРПАҚ
Сіз үшін апта сәтті, тосын жаңалыққа толы болмақ. Бәріне дайын болыңыз. Қолға алған жұмысты кейінге шегермей, дер кезінде орындауға тырысыңыз.
ЕГІЗДЕР
Шатақ мінезіңізден өз әріптестеріңіздің сізге деген құрметін байқамай жүрсіз. Олар сіздің кәсіби біліктілігіңізді бағалайды. Әріптестеріңізбен қарым-қатынасыңызды дұрыс жолға қойсаңыз бәрі жақсы болады.
ШАЯН
Жұмысқа деген қызығушылығыңыз бәсеңдеп, кәсіппен айналысасыз. Бастапқыда қаржы тапшылығы сезіледі. Мұның бәрі уақытша құбылыс екенін естен шығармаңыз.
АРЫСТАН
Аптаның бipiншi жартысында отбасыңыздың әрбiр мүшесiне, үй шаруасындағы мәcелелерге көңiл бөлген жөн. Бұpыннан кейiнге шегерiлiп келe жатқан жұмыс жинaлып та қалған шығаp.
БИКЕШ
Өзіңіздің жауапкершілігіңізді арттыратын апта болмақ. Өзіңізге сеніп тапсырылған істі аяғына дейін жеткізіңіз. Апта аяғында достарыңызбен кездесіп, жақсы әсер аласыз.
ТАРАЗЫ
Өз еңбегіңіздің жемісін көресіз. Бойыңыздағы күш-қуат спортпен айналысуға, көңіл көтеруге әсеретеді. Алайда, күдікті іспен шұғылданудың қажеті жоқ. Себебі, нар тәуекелге барамын деп қолыңыздағы бақыт құсын ұшырып алуыңыз мүмкін.
САРЫШАЯН
Бұл аптада отбасылық тұрмыс-тіршілікті атқару үшін біраз күш-қуат қажет. Барлық жұмысты алдын ала жоспарлап қойсаңыз, бәріне үлгеріп, жұмыстан ләззат аласыз.
МЕРГЕН
Сізге ешкім көмектеспейтіндіктен, қиындықтарды өзіңіз шешуге тура келеді. Жаңа ортамен танысып, үлкен табысқа кенелесіз. Бастысы таңдауды дұрыс әрі жылдам жасаңыз.
ТАУЕШКІ
Осы аптада жолыңыз болады. Бойыңызда бұғып жатқан өнер жұртты тәнті етеді. Бірақ жақындарыңыздың шыдамдылығымен ойнамаңыз, әр нәрсенің шегі бар.
СУҚҰЙҒЫШ
Өзгелердің ұсынысын қабылдау арқылы өміріңізді түбегейлі өзгертуіңіз мүмкін. Сондықтан сақ болыңыз. Өткен өміріңізге баға беріп, ұсақ дүниелерді де назар аударыңыз.
БАЛЫҚ
Еңбегіңізді басшылық бағалады екен деп тым еркінсіп кетпеңіз. Барыңызды салсаңыз, жеңіп шығасыз. "Сабырлы жетер мұратқа, сабырсыз қалар ұятқа" деген сөзді естен шығармаңыз.