» » Қызылордалық Күнсұлу Түрікпен бас жүлдеге ие болды

Қызылордалық Күнсұлу Түрікпен бас жүлдеге ие болды

8-9 қараша күндері Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті Ш. Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми–практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Текті сөздің төресі - терме» атты республикалық жыршы-термешілер байқауы өтті.
Байқауда еліміздің 14 облысынан және Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан келген үміткерлер Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының мазмұнын ашатын шығармалар орындап, бақтарын сынады.
Ұлттық тәрбие мен халықтық өнерді насихаттауға бағытталған, жыр-термелер арқылы жыршылық, термешілік өнерге және әдеби тілді дамытуға, тіл мәдениетін жетілдіруге жаңаша серпін берген бұл байқауда Қызылордалық Күнсұлу Түрікпен бас жүлдеге ие болды.
Облысымыздың абыройын асқақтатып, мерейін үстем еткен Күнсұлуға жеңісің құтты болсын, әлі де алар асуларың көп болсын дейміз!
21 қараша 2018 ж. 610 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031