ЖАСТАР ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСАП ЖҮР

– Өңірге "Zhas project" жобасы жол тартқанына ризашылығымыз мол. Жаныма Айдос пен

Айбек інімді ертіп, жобаға өз өтінішімізді жолдап, қайтарамсыз гранттың иегері атандық. Енді алдағы
уақытта саяжай тұрғындары шаш алу үшін қаланың орталығына дейін кезбейді, – дейді Ерасыл.
Ал, жоба мүшесі Айбек Елдос сабақтан босаған сәттен шаштараздан табылатын көрінеді.
– Әлеуметтік шаштаразда біз саяжай тұрғындарының шашын қиямыз, соңғы үлгідегідей сәндейміз. Бұл біз үшін үлкен мүмкіндік. Себебі, жоба аяқталған сәттен біз кәсіпкерлікке алғаш қадам жасамақпыз. Оқу мен жұмысты бірге алып жүрген қиын емес. Оқу бітірген соң осы саламен болашағымды байланыстырғым келеді, – дейді Айбек.
МӨЛДІР КЕНЖЕҒҰЛОВА