ЗАМАН САРКАЗМЫ

Ойынға облыс, қала, барлық аудан әкімдіктерінен және облыстық соттар әкімшісі мен төтенше жағдайлар департаментінен, барлығы 11 команда қатысып, өзара бақ сынасты.
Жас мемлекеттік қызметшілер арасында өткен көңілді тапқырлардың сайысына қоғамның жегі құрты - сыбайлас жемқорлық тақырыбы арқау болды.
Қызықты да тартысты өткен ойында І-орынды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің «Құтқарушылар» командасы иеленсе, ІІ-орын Жалағаш ауданы әкімдігінің «Б корпусы» командасына және ІІІ-орын Қызылорда облысы әкімдігінің «Акимат микс» командасына берілді.
«Үздік ойыншы» номинациясына «Құтқарушылар» командасының ойыншысы Кенжебек Кеңесов лайық деп танылды. Сайыс жеңімпаздары Департаменттің дипломдарымен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Аталмыш жайдарман ойыны – «9 желтоқсан - Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне» орай облыста жарияланған арнайы айлық аясында ұйымдастырылып жатқан іс-шаралардың бірі.