» » СИҚЫРЛЫ КЕРУЕН

СИҚЫРЛЫ КЕРУЕН

  "Жылы жүрек жастар" еріктілер тобы "Сиқырлы керуен – 2019" атауымен қайырымдылық шарасын өткізді. Мақсат – мереке қарсаңында мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді қуанту.
 Жастардан құралған еріктілер жаңа жыл қарсаңында 50-ден астам баланың үйін аралап, сыйлық таратты. Сонымен қатар облыстық Н.Бекежанов атындағы қазақ музыка театрында денсаулық жағдайына байланысты үйден оқитын 60-қа жуық балаға арнайы мерекелік қойылым қойып, жаңа жылдық сыйлық тарту етті.
– Облыс жастарынан құралған еріктілер тобы өзінің алғашқы шарасын былтыр жаңа жылда бастаған еді. Ол кезде 150 балаға сыйлық тараттық. Биыл да бұл игі дәстүр жалғасын тапты. Жаңа жыл қарсаңында кез келген бала бір ғажайыптың болатынына сенеді. Сол ғажайыптың орындалуына септігіміз тисе дейміз. Шараға атсалысып, қол ұшын берген қайырымды жандарға алғыс білдіреміз, – деді "Жылы жүрек жастар" еріктілер тобының жетекшісі Сағатбек Қуанышбайұлы.
А.ҚАРЖАУБАЙҚЫЗЫ
27 желтоқсан 2018 ж. 817 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930