Жастар слеті

   Елбасының бастамасымен 2019 «Жастар жылы» деп жариялануына орай Шиеліде «Жастар – ел ертеңі, ұлт болашағы» атты аудан жастарының слеті өтті. Жастар жылын ашып беру үшін сөз аудан әкімі Ә.Оразбекұлына берілді.  Ол аудан тұрғындарын жастар жылымен құттықтады. Сонымен қатар видеоролик арқылы белгілі тұлғалар Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актері Жомарт Зейнабілов, «Қазақстан Ұлттық телеарнасының бас продюсері, кинорежиссер Нұрлан Қоянбаев, Ережесіз жекпе жектен әлемнің үш дүркін чемпионы Ардақ Назаров, облыс әкімі грантының иегері, Ресейден МИСИС университетінің магистранты Сұлтанмұрат Бауыржанұлы жастар жылына сәлемін жолдады.
Шара аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының облыстық штабының жетекшісі Әбіл Серік, облыстық «Жастар денсаулығы орталығының Шиелі аудандық құрылымдық бөлімшесінің маманы Салтанат Қалекеева, облыс әкімінің Грант иегері, көркемсөз оқу шебері, корей ұлтының өкілі Пак Елена аудан жастарын жыл аясында белсенді болып, туған жерімізді көркейтіп, саламатты өмір салтын ұстануға, өз тілімізді қадірлеп, мәртебесін арттыруға шақырды. Сондай-ақ көрермендер айтыскер ақын Кенжебай Жүсіп пен Ержан Әмірдің айтысын тамашалады.
15 қаңтар 2019 ж. 812 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930