Мен Отанымды қорғаймын
Ільяс Бердалиев, 2019 Әскери бөлімінің офицері:

Ільяс бала кезден әскери киім киіп, сап түзеп, әскерилерше сәлем беріп, жүріс-тұрысын аунытпай салады екен. Сөйтіп кішкентайынан әкесінің "әскери адам болғаныңды қалаймын" деген сөзін құлағына құйып өседі. Мектепті үздік бітіріп, Алматы қаласындағы Құрлық әскери институтын тандайды.
– Бүкіл әскери қызметкерлер әскери шені мен лауазымына қарамастан заң алдында бірдей жауапты. Ал офицер командирдің тапсырмаларын ҚР Жалпы Әскери Жарғысына сәйкес уақытылы орындауға міндетті. Шекара қызметі туралы түпкілікті ақпаратты жария етуге болмайды. Жалпы шекарашының мақсаты – мемлекеттік шекараны қорғау және күзету, – дейді Ільяс бізбен әңгімесінде.
Биыл жастар жылы деп жарияланғаны баршамызға белгілі. Жастар бұл жарлықты мереке ретінде қабылдап, тойлап та кетті. Кей жерде арнайы ашылу салтанаты дәстүрлі түрде өтті. Осы төңіректе Ільястың да жастар жылына қатысты өзіндік пікірін сұрадық:
– Жастар жылы деп ұрандатқанның өзіндік себебі бар шығар. Дегенмен менің қалауым жастар жылында жастарға мол мүмкіндік беріліп, жағдай жасалса деймін. Ана жерде бір жиын, мына жерде бір жиын деген сияқты іс-шарадан не пайда түседі дейсіз?! Жастар білімді, сауатты, жан-жақты болуға талпынған жөн. Қазір біреуге алақан жаятын кез емес. Бермейді екен, тартып алсын және "Жастар жылы" бізге не береді деп үміттенбей, Мемлекеттің дамуына өз ықпалын тигізгені жөн деп ойлаймын, – дейді Ільяс ел патриоты ретінде.
"Бүгінде мен офицермін, аға лейтенат әскери шенім бар. Отбасым бар, жұмыстан кейін үйде сүйікті жарым мен қызым күтіп алады. Мен осыны жеткілікті жетістік деп есептеймін. Келешекке жоспар көп, өзім ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін ықпалым болатынына үміттенемін", – дейді ол.