» » КЕРІ КЕТКЕН ОЙЫНШЫНЫ "БАРСА" КЕРЕК ЕТТІ

КЕРІ КЕТКЕН ОЙЫНШЫНЫ "БАРСА" КЕРЕК ЕТТІ

  Каталониялық «Барселона» қысқы трансферлік кезеңде өз қатарын толықтыруда. Бастапқыда жарқ етіп Еуропа футболын тәнті етіп, кейін сол биігінен аздап төмендеп кеткен ойыншы Кевин-Принс Боатенг енді Барсаның намысын қорғайды. Каталониялық клуб ойыншыны италиялық «Сассуоло» клубынан жалға алған. Осы келісім үшін италиялық клуб 2 миллион еуро алған. Бұл маусымда ганалық ойыншы 13 ойында 4 гол соғып, екі рет нәтижелі пас берген. Боатенг бұған дейін де Испания чемпионатының дәмін татқан ойыншы. 2016/17 жылғы маусымда ол «Лас-Пальмас» сапында ойнап, 28 матчта 10 гол соққан болатын. Оған дейін футболшы «Милан», «Айнтрахт», «Шальке», «Боруссия», «Герта», «Портсмут», «Тоттенхэм» секілді клубтарда ойнаған. 

22 қаңтар 2019 ж. 582 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31