» » Алғыс арқалаған кәсіпкер

Алғыс арқалаған кәсіпкер

  Бүгінде жеке кәсіп ашып, шаруашылығымды өрбітем дегендерге үкімет тарапынан қолдау бар. Мәселен, өткен жылы облыста «Zhaspoject» жобасы аясында 266 жас кәсіпкер грант иегері атанған болатын. Өзінің ойындағы кәсіпті ашып, қайтарымсыз несиені өз игілігіне жартқанның бірі – Назерке Тұрсынбекқызы.
Ол көптен армандап жүрген тігін шеберханасын ашуды көздейді. Сөйтіп жақын достарын жинап, жаңа жобаның жоспарын құрады. Сәтін салып, жобада жеңімпаз атанады. 1 млн теңге көлемінде алынған қайтарымсыз несиеге қажетті құрал-жабдықтар алып, өз жұмыстарын бастаған ұжым қоғамдағы тұрмысы төмен отбасыларға материалдық көмек көрсетіп, талайдың алғысын арқалады. Атап айтқанда, күнделікті қажетті төсек-жабдықпен қамтамасыз еткен. Әуелі тиісті мемлекеттік мекемеден әлеуметтік жағдайы аз қамтылған отбасылардың тізімін алып, жіті танысып шығатынын айтады. Содан соң тиісінше әр отбасыға керегін үлестіріп береді екен. Бүгінге дейін 50 отбасы 120 төсек-жабдықпен қамтылған. Осындай қолдауға ие болған тұрғындардың да оларға айтар алғысы шексіз.
"Жалпы бизнес әлеміне оңай қадам баса алмайсың. Түрлі кедергілер кездеседі. Кәсіп ашуды жоспарлап жүргеніме көп болды. Алайда қаржы қолбайлау болып, бастамам аяқсыз қалды. Ортаға бірнеше жыл салып, қайта мүмкіндік алдым. «Zhas Project» жобасы жастарға қаржылай демеушілік жасайды дегенді естіп, ойланбастан кәсіп ашуға бел будым. Сыр елінде алғаш рет іске асқан бұл идея мен сияқты талай адамның бағын ашты. Ендігі мақсат – кәсібімді одан әрі дөңгелетіп, елге ерінбей еңбек ету", – дейді жас кәсіпкер.
Бастапқыда осы жоба аясында ұжым мүшелерімен көрсетілген қызмет көлемін 6 айға жоспарлап, жұмыс жасау кестесін құрған. Қазіргі таңда бұл мерзім өз мәресіне жетті. Дегенмен талапқа сәйкес бекітілген межені орындап, талайға қол ұшын созған ұжым алдағы уақыттада өз жұмыстарын жалғастырады. Кәсіпкер болашақта өз кәсібін кеңейтіп, жаңа жұмысшылар алып, өңірдегі жастардың жұмыссыздық деңгейін төмендетуге атсалысатынын айтты. Алдағы уақытта өзі тұратын елді-мекенде үлкен тігін орталығын ашуды армандайды.
А.БЕРДІБАЙҰЛЫ
23 қаңтар 2019 ж. 859 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031