» » ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН ЖҮК САЛМАҚТЫ

ЖАСТАРҒА АРТЫЛҒАН ЖҮК САЛМАҚТЫ

   Кез келген елдің болашаққа салған ең үлкен капиталы – бала тәрбиесі. «Елдің ертеңін көргің келсе, жастарына қара» деген бар. Шүкір, мәңгілік елге айналудағы егемендіктің еңселі жылдарында ешкімнен кенже қалғанымыз жоқ. Оқ бойы алдамыз, экономикамыз тұрақтады, ұлттық идеология жолында үлкен өзгерістер мен дамуға қадам басудамыз. Мұның барлығы елдегі тыныштық пен бірліктің арқасы. 2019 жыл  «Жастар жылы» болып аталуы да бізге берілген баға емес, үлкен сенім екенінің тағы бір дәлелі. Мемлекет басшысы өткен жылдың соңында жариялаған кезекті Жолдауында жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеу­меттік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керектігін айтқан болатын.
Бұл бағыттағы жоспарлар Жас­тар жылының ресми ашылуына арналған «Тәуелсіздік ұрпақтары» форумында белгілі болды. Әр саладағы табысты жастар бас қосқан жиында елімізде кейінгі толқынды қолдау шаралары мен алдағы бастамалар баян етілді. Бұл бізді алдағы жеңістерге жетелейді.
   
Әділ  ЫБРАХИМ, 
Қармақшы аудандық «Жастар ресурстық орталығы» директоры.
28 қаңтар 2019 ж. 870 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930