» » Аудандық тамыз кеңесі өтті

Аудандық тамыз кеңесі өтті

   Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал биылғы тамыз кеңесінің тақырыбына арқау болды.
Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін дәстүрлі кеңеске Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, кент, ауылдық округ әкімдері, ардагерлер, облыстық, аудандық мәслихат депутаттары, педагогтар мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Кеңес жұмысын ашқан аудан әкімі Ғ.Қазантаев бүгінгі таңда адам, адами капитал, оның білімі мен дағдысы басты басымдық және экономикалық даму мен кемелденудің негізгі драйвері екенін айтты.
Аудан басшысы биылғы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп бітірушілердің орташа балы 85,2 пайыз болғанынан хабардар етті.
Кеңестің күн тәртібіндегі тақырыпқа сәйкес білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева баяндама жасап, сала бойынша атқарылған жұмыстар мен міндеттерге кеңінен тоқталды.
Тамыз кеңесі аясында аудан басшысы мектеп оқушыларының работотехника саласы бойынша дайындаған көрмесін тамашалады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
29 тамыз 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031