«Жас сарбаз» ұйымы құрылды
Жастар жылы – жастарға үлкен мүмкіндік. Негізі, Елбасы осыған дейін де жастарға қолдау білдіріп келеді. Бірақ жастар жылына арнайы тоқталғаны бізді қуантады. Сондықтан биыл берілген мүмкіндікті дұрыс пайдалануымыз керек.
Жастар жылының ашуылуына аймақтан 6 делегат қатысты. Өзіме ұнағаны стартап жобаларға қолдау білдіріп, дипломмен ауылға бағдарламасы қаржысының көбеюі.
Сондай-ақ, Елбасы үлкен қалаларда жылына 1000-ға жуық пәтерді "жұмыс жасаймын" деген жастарға беруді тапсырғаны. Осындай қолдау арқылы, өңірлердегі жастар өз алдына жаңаша бағыт пен мүмкіндіктерді айқындайды.
Биылғы біз үшін тағы бір жаңалық – «Жас сарбаз» атты ұйымның құрылуы. Яғни, ұйым жастарды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелейді. Қазіргі таңда жастардың сарбаз ұйымы әр өңірлерімізде ашылды. Өйткені, Елбасы айтып өткендей, жастардың барлығы осы ұйымға кіруі керек. Денелерін шынықтырып, әскери мамандықты игеріп, Қорғаныс министрлігімен жұмыс істеп, біздің болашақ Отан қорғаушыларды, болашақ елдің азаматтарын тәрбиелеуге жан салысуы керек. Сонда ғана сендер президенттің де, елдің де тірегі бола алады.
Сырбойылықтарды жастар жылының салтанатты ашылуымен құттықтаймын!
Жасұлан Алдабергенов,
«Жас сарбаз» өңірлік филиалының төрағасы
«Жас сарбаз» өңірлік филиалының төрағасы