» » Несиені мерзімінде төлемесеңіз жұмыссыз қаласыз

Несиені мерзімінде төлемесеңіз жұмыссыз қаласыз

   Бірінші несие бюросының мәліметінше, қазақстандықтардың 6 триллион теңге несиесі бар. Бизнес үшін 17,2 триллион теңге несие алған. Қазіргі кезде төлем мерзімі өткен несие үлесі 14,1%-ға жеткен. Былтыр 1,9 триллион теңге – 6,6 млн несие берілген. Сонымен қатар халық жалпы сомасы 600 млрд теңге – 75 мың ипотекалық несие алған. Бұдан былай «Егер жұмысқа тұруға үміткер азаматта төлем мерзімі өтіп кеткен несие бар болса, оны жұмысқа қабылдамауы мүмкін. Қазір мұндай тәжірибені ритейл нарығы – ірі гипермаркеттер пайдалана бастады. Әсіресе, материалды жауапкершілік қарастырылған қызметтерге жұмыс берушілер тәртібі мығым, несие тарихы таза жұмыскерлерді алғысы келеді», – деді Бірінші несие бюросының төрайымы Әсем Нұралиева. Оның айтуынша, азаматтың несие тарихы оның келісімімен тексеріледі. «Жұмыс беруші сіздің келісіміңізсіз несие тарихын тексере алмайды. Үміткер міндетті түрде хабардар етіледі. Олар ең алдымен екі факторға: төлем мерзімі өткен несиеге, несиесінің бар-жоғына мән беретін болады. Әрине, бұл факторлар жұмыс берушілердің еркінде. Егер жұмысшы жалақысы төмен, еңбек коэффициентіне сай емес жұмысқа орналасса, онда оны материалдық жауапкершілігі бар лауазымнан басқа позицияларға ауыстыруға болады», – Әсем Нұралиева.
 «Айқын» ақпарат
Дереккөз: https://aikyn.kz/
31 қаңтар 2019 ж. 715 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031