» » Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

Америкалық кәсіпкер және промоутер Рик Глэйзер қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің басындағы жағдай туралы аз-кем пікір білдіріпті. Отыз жылдай кәсіпқой бокстың отымен кіріп, күлімен шығып жүрген маманның сөзіне спорт қоғамдастығы құлақ түре қалған.
«Менің ойымша, GGG - Головкиннің кәсіпқой бокс туралы түсінігі соншалықты терең емес. Бұл – оның басындағы проблемалардың ең үлкені болуы әбден мүмкін. Меніңше, ол зейнеткерлікке кету туралы ойланып жүрген сияқты» дейді инсайдер. Рик Глэйзер боксшы Головкиннің бұрынғы менеджерлерімен соттасып жатқанын да тілге тиек етіп, бұл жағдайдың спортшыны қатты мазалап жүруі мүмкін екендігін айтқан. Еске сала кетсек, атақты боксшы өзінің экс-менеджерлері – Максим және Олег Германдарды сотқа берген болатын. Головкиннің айтуынша, ағайынды Германдармен арадағы қарым-қатынасқа 2017 жылы нүкте қойылған екен. Соған қарамастан, экс-менеджерлер заңсыз, лицензияланбаған қарым-қатынасты пайдаланып, Альварес пен Головкин арасындағы екінші жекпе-жектен ақша қарпып қалуға әрекеттенген. GGG соттан өзінің пайдасына Германдармен бұрын жасалған мәмілелерден 3,5 млн доллар өндіріп беруді сұраған.
Қайрат ӘБІЛДА

16 ақпан 2019 ж. 544 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031