ПСЖ 11 ЖАСТАҒЫ КИЛИАН МБАППЕГЕ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚ ТАНЫТУДА
ПСЖ клубы өз академиясына тағы бір Килиан Мбаппені шақыруға дайын. 11 жастағы футболшының шын есімі – Килиан Мбаппе Ндумбе Яба. Футболшы қазіргі таңда Руасси-ан-Бри қаласының командасы сапында ойнап жүр. Дәл осы клубта Поль Погба да өзінің кәсіби мансабын бастаған. 11 жастағы Мбаппенің әкесі де Камеруннан шыққан. «Менен барлығы ұлыңызды Мбаппенің (20 жастағы) құрметіне қойдыңыз ба деп сұрайды. Менің ұлым өмірге келгенде қазіргі жұлдыз Килиан әлі әлемге танымал футболшы емес еді. Олардың жас айырмашылығы сегіз жыл ғана» дейді әкесі.
Ал 11 жастағы футболшы бала болса өзін танымал аттасымен салыстыратындарға бой үйретіп алған. «Бұл жағдай мен үшін жағымды сезім тудырса да еш назар аудармаймын. ПСЖ фанатымын, келешекте мен де сол сияқты (Килиан) карьера жасағым келеді» депті болашақ жұлдыз. Әкесінің айтуынша, ПСЖ 11 жастағы ойыншыға ұсыныс жасап та үлгерген. «Ол өзі қалағанын істейді. Біз оны мәжбүрлей алмаймыз. Тек оның кәсіби футболшы болғаны ғана маңызды. Егер ол ПСЖ сапына өтер болса ол Килианға жақындай түсуші еді. Футбол ойнағалы бері ұлым өзін бақытты сезінеді. Егер бір нәрсені дұрыс жасамағанын айта бастасам ол жақтырмай қалады» дейді әкесі. 11 жастағы Килиан шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында ойнайды екен. Сондай-ақ ойын барысында дриблингті де көп қолданғанды ұнатады.
Абай Аймағамбет