» » Қызылордада үй қабырғасы құлап, 2 әйел үйінді астында қалды

Қызылордада үй қабырғасы құлап, 2 әйел үйінді астында қалды

  Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылында жеке тұрғын үйде газ балоны редукторының олқылығынан газ құрылғысы атылып, үй қабырғасы құлап кеткен. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметовке сілтеме жасап хабарлайды.
«23 ақпан күні Қызылорда қаласы Қарауылтөбе ауылында жеке тұрғын үйде газ балоны редукторының олқылығынан газ құрылғысы жарылған. Осының салдарынан 35 шаршы метр аумақтағы қабырға құлап түскен. Өрт болмаған. Үйінді астынан 1979 және 1964 жылғы екі әйел құтқарылды», - деді ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.
Төтенше жағдайды жоюға Қызылорда облысының Төтенше жағдайлар бойынша департаментінің жеке құрамынан 17 адам мен 5 арнайы техника жұмылдырылған.
23 ақпан 2019 ж. 724 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930