» » Қарттар үйі & зейнетақы

Қарттар үйі & зейнетақы

  "Кішкенесінен ананың жылуына, әкенің мейіріміне шөлдеп, жарымай, ортақ қазанда өске бала жатбауыр болмай қайтсін" дейді Абай. Иә, бүгінде жатбауыр жандарды көп кездестіреміз.
Көп баланы өмірге әкелген, оқытқан-тоқытқан жамағайын бар еді. Балаларын ешкімнен кем қылмас үшін әке байғұс күн-түн жұмыс істеді. Анасы ақ сүтін, аузынан жырып, тамағын берді. Өсе келе ұл-қыздары әр қайсысы үй болып бөлек кетті. Немерелері келін түсірді. Үлкен бір әулет еді. Бірақ бірі де ата-анасын сыйламады. "Ә" десе, "мә" деп отырды. Содан не керек екі кісі киім кешегін жинап, қарттар үйінен бір-ақ шықты. "Қартайғанда ұл-қызымнан көрген қорлығым жетеді" дейтін көрінеді. Қарттар үйіндегі кісілердің жағдайы бәрімізге аян. Күні-түні есікке телмірумен өтеді. Балам келіп қала ма деп үміттенеді. Бірақ ұл да-қыз да есіктен қарамайды. Дегенмен ата-анасының зейнетақысы түскен кезде арнайы барып, ақшасын алып кететіндер де бар екен. "Неге бердіңіз?" десе, "ішімнен шыққан нәрестем ғой, басқа қалай күн көрсін" дейді. Енді осы жатбауыр емей немене?!
Өмірдегі ең үлкен қателік – ата-ананы құрметтемеу. Оның күнәсі де ауыр. "Атаңа не істесең, алдына сол келер" дейді. Бір күні болмаса, бір күні сол жағдай өз басыңа түседі. Адам – пенде. Жаза баспай, жаңылыспай тұрмайды. Әркім істеген ісі мен айтқан сөзіне Алла алдында өзі жауапты. Егер кімде-кім ар жолынан, адамдықтан, әділдіктен ғайыптан тайып кетсе, оның жаман аты өзі өмірден өтіп де қалмайды.
Мөлдір САБЫРЖАН
28 ақпан 2019 ж. 918 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031