» » СҰЙЫҚ БАЛ – ТАБИҒИ ТАЗА ЕМЕС

СҰЙЫҚ БАЛ – ТАБИҒИ ТАЗА ЕМЕС

  Тимур САДЫҚОВ, омарташы:
Омарташы – бал арасын өсіруші. Бұл кәсіпті меңгеру көптің қолынан келмейді. Қиындығы өз алдына, жұмысы да қауырт. Себебі бұл кәсіп тазалықты, тиянақтылықты қажет етеді. Бал арасын өсіретін жерде шаң немесе қоқыс болса ара өсіру қиынға соғады. Бүгінде осы кәсіптің қыр-сырына қанық омарташы – Тимур Әбдікәрімұлын аз-кем әңгімеге тарттық.
– Неге бұл кәсіпті таңдадыңыз?
– Бұл кәсіпке екінің бірі бара бермейді. "Жас проджект" жобасына қатысарда осыны ескердім. Қыдыр есімді ағам бар, жасы 60-тан асты. Осы уақытқа дейін бал арасын өсірумен айналысты. Кәсіптің қыр-сырын меңгерді. Сол кісінің қасында жүріп көп нәрсені үйрендім. Оңай іс емес екенін о баста байқадым. Адам өзі қызыққан істі бастаса, кәсіпті жүргізу қиын болмайтынына сендім. Бүгінде бал арасын өсірумен келіншегім Құттығыз Мұзаппарқызы, інім Нұрдәулет Әбдікәрімұлымен бірге айналысып келеміз.
– Жобаның мақсаты қандай?
– Мақстамыз – ауыл тұрғындарын таза экологиялық өніммен қамтамасыз ету. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар, көп балалы отбасылар, әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар ара балымен тегін қамтамасыз етіледі.
– Аралар немен қоректенеді?
– Тіршілік иесі болғандықтан оның аналығы мен аталығы болады. Бал жинайтын аралар бөлек болады. Тәртіпке көнбей мінез көрсеткен аралар ұядан қуылады. Аралар суық күндері тамақ сұрап мазанды алмайды. Жылдың басқа мезгілінде гүлден шырын алады. Өз күнін өзі көреді. Араларды дамыту жұмыстарын көктемде бастаймыз.
–  Жасанды балды қалай ажыратуға болады?
– Жасанды бал кристалданбайды. Онда балауыздың немесе құрт-құмырсқаның денесінің үзінді бөлшектері болмайды. Бұл бал тамақты ашытпайды. Шамадан тыс тәтті болады. Таза балдың айырмашылығы: таза бал бір текті, жіп сияқты сырғып түседі. Қағазға балды тамызып, қағазды жағу керек. Егер таза бал болатын болса, қағаз жанбайды.Сондай-ақ қыста сұйық бал болмайды. Таза бал пышақпен кесілуі тиіс. Таза бал қысқы маусымда көп болады. Сұйық бал табиғи таза бал емес.
– Қыстыгүні араларды қалай баптайсыз?  Қыста олар не істейді?
– Қыстыгүні аралар вагонда болады. Оның үсті киізбен жабылады. Күзде тапқан азықты қыста қорек етеді.
– Ара жабайы ара болып бөлінеді ме?
– Жабайы ара – шаншар тұмсық жарғақ қанаттылар тобына жататын жәндіктер. Олардың 22 мыңнан аса түрлері бар. Жабайы ара гүлшырынымен қоректенеді. Олардың көбісі жәндіктермен өрмекшілермен қоректенеді. Жабайы араның көбісі пайдалы зиянды жәндіктерді жояды және өсімдіктерді тозаңдандырады. Тек кейбір түрі бал араларына шабуыл жасап ауыл шаруашылығына зиян келтіреді.
– Балдың пайдасы қандай?
– Балдың пайдасы өте көп. Мәселен, балдың бір түрі асқазанға, енді бірі жүрекке пайдалы деп жатады. Дегенмен, өнімнің кез келген түрінде пайдалы заттар барын айтқым келеді. Сондай-ақ ара ша­ру­ашылығымен айналысу барысында алынатын көптеген пайдалы өнімдер де болады. Мәселен, бал балауызын, прополисін, аналық сүті мен тозаңын пайдалануға болады. Сонымен қатар өлі бал арасынан жасалған тұнба да өте пайдалы. Оны буын ауруларына ем ретінде қолданады. Ең бас­тысы, таза табиғи өнімді пайдаланып, ем шараларын дұрыс жасай білсе болғаны.
– Сізде қанша жәшік ара бар?
– Бір вагонда 25 жәшік ара бар. Жоба кеш басталды, сондықтан балды аз алдық. Болашақта осы кәсіпті үлкейтсем деген жоспарым бар. Тағы да бір вагон сатып алып, көбейтуді ойлап жүрмін. Жаңақорған аудандық кәсіпкерлер палатасына бардым, қайтарымсыз 500 мың теңге алуға болады екен. Өтініш қалдырып кеттім. Жаңа 25 жәшік ара бар дедім ғой, енді сізге қызығын айтайын, әр жәшіктің өз қожайыны болады. Ара қартайған болса, өздері өлтіріп тастайды.
Әңгімелескен Мөлдір САБЫРЖАН


28 ақпан 2019 ж. 961 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031