» » ӨЗБЕКТЕР ШИКІ МҰНАЙҒА ҚОЛҚА САЛДЫ

ӨЗБЕКТЕР ШИКІ МҰНАЙҒА ҚОЛҚА САЛДЫ

  Палата cпикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Жиында Мәжілістің келесі аптадағы жалпы отырыс күн тәртібінің жобасы қалыптастырылды.  Оған сәйкес, алдағы жалпы отырыс­та ратификациялық құжат – Қазақстан мен Өзбекстан үкіметтері арасындағы энергети­ка саласындағы ынтымақтас­тықтың кейбір мәселелері туралы негіздемелік келісімге қатысты заң жобасы қалаулылар қарауына шығарылмақ. Келісім екі мемлекет арасын­дағы мұнай-газ саласындағы, мұнай-газ химиясы және электр энергетика­сын­да­ғы ынтымақ­тастығын ынталан­ды­руға, мұнай өңдеу зауыттарында өңдеуі үшін Өзбекстанға елімізден шикі мұнай жеткізу көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қазақстанның оңтүс­тігін күзгі-қысқы кезеңде табиғи газбен үздіксіз жабдықтау­ға бағытталған. Сонымен қатар Мәжіліс депутат­тары мемлекеттік қызмет және сыбай­лас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қолда­ныс­тағы заңна­маға өзгерістер мен толық­тыру­лар енгізетін, қалаулы­лардың өздері әзірлеген заң жобасын бірінші оқылымда талқылайды деп күтілуде. Палата бұдан өзге, Тәжік­стан, Қырғыз Республи­касы, Қазақ­стан және Исмаилиттер Имаматы арасын­дағы Орталық Азия универ­ситетін құру жөнін­дегі келісімге хаттаманы рати­фи­ка­ция­лайтын заң жоба­сы бойын­ша жұмысты ары қарай жалғас­тыру мәселесін де қарай­ды деп жоспар­ланып отыр.
Айхан ШӘРІП

16 ақпан 2019 ж. 506 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031