» » Неге бәрі мұз?

Неге бәрі мұз?

Кейде айналамдағы адамдарға қарап неге бәрі мұз деп сұраймын өзімнен өзім. Табиғат пен адамның байланысы қандай күшті болса, олардың бір-біріне тигізетін ықпалы да күшті болу керек. Қазіргі адамдардың соншалықты қатігез, мейірімсіз болып көрінуі неде?
Қоғамдық көлікке мінгенмін. Жолаушы лық толы. Далада қар аралас жаңбыр жауып тұрған. Кезекті аялдамалардың біріне келгенде кондуктордың жекіп сөйлеген дауысы анық естілді. Барлық жолаушының назары сол кісіге ауды. Бір қарт кісі кондукторға тегін жетіп қалайын деп өтініш айтып, жалынып тұр екен. Өңі жүдеу. Әбден тоңған. Қақаған қыста аялдамада қалтырап тұрудың қандай екенін мен айтпай-ақ қояйын. Бірақ кондуктор қанша өтінгенмен көлікке кіргізбеді.
«Неге бәрі мұз? Мүмкін күн шыққанға дейін бірге күте тұрамыз» деп әндетеді Ninety one. Қашанғы күтеміз? Тым кеш болып жүрмей ме? «Кір тигізбей ұста ойыңның өрісін, мейірім етсең – мейірімділік көресің» деген баба Баласағұнның сөзіне сенер-сенбесін білмейтін буын өсіп келеді деп бар дауысыммен айқайлағым келеді.
                                                                          Арайлым ЕРСІН,
                                                                           №136 орта мектептің
                                                       9 сынып оқушысы
28 ақпан 2019 ж. 820 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031