» » GRAND SLAM: КӨҢІЛ КҮПТІ

GRAND SLAM: КӨҢІЛ КҮПТІ

Дзюдодан Германияның Дюссельдорф қаласында өтіп жатқан «Grand Slam» турнирінде Қазақстанның ұлттық құрамасына әзірге жүлде бұйыратын емес. Жарыстың алғашқы күнінде жүлде алады деген  Отгонцэцэг Галбадрах сенімді ақтамады. Өкінішке қарай, бұл жарыста оның жолы болмады. Олимпия ойындары мен әлем чемпионатында жүлде алған аса жеңіл салмақтағы Галбадрах германиялық Хелена Грауды жеңгенмен, келесі кезеңде қытайлық Янан Лиге есе жіберді. 60 кило салмақтағы Рүстам Ыбыраев тұсаукесер кездесуінде Ұлыбританияның өкілі Эшли Макензеден ұтылса, Сыр балуаны Мағжан Шамшадин екінші айналымға дейін жетті. Ол колумбиялық Сантяго Костаноны қапы қалдырғанмен, словениялық Давид Старкерге жол берді. 66 кило салмақтағы Ғұмар Қырғызбаевқа германиялық Себастян Сейдл сан соқтырып кетсе, Есет Қуанов Петар Задро (Босния мен Герцеговина), Даниэль Гаргнин (Бразилия) және Ахмед Әбделрахманнан айласын асырғанмен, Оңтүстік Кореяның оғланы Лимхван Кимге әлі жетпеді. Жұбаныш бәсекесінде қандасымыз моңғолиялық Басхуу Юндонперенлейден жеңіліп, жүлделі орындар үшін таласу құқығынан айырылды. Келесі күні тағы үш балуанымыз жарыс жолына шықты. 73 кило салмақтағы Бекәділ Шаймерденов пен Нұрлан Оразалин тұсаукесер кездесулерінде ұтылды. Бекәділ америкалық Николас Делпополодан, Нұрлан БАӘ өкілі Виктор Скворцовтан ұтылды. 81 кило салмақта белдескен Қажымұқан Өтеулиев үшінші кезеңге дейін жетті. Ол австралиялық Оуэн Кохлан мен аргентиналық Томас Морелесті ұтқанмен, германиялық Доменик Росселге есе жіберді. Алдағы күндері біз Ерсұлтан Мұзаппаров пен Әзиз Қалқаманұлы (90 кило), Айбек Серікбаев пен Виктор Демьяненко (100 кило) және Ерасыл Қажыбаев пен Әділ Оразбаев (+100 кило) сынды балуандарымыздың өнерін тамашалаймыз.
Ерасыл Шәрібек
28 ақпан 2019 ж. 711 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930