» » “Болашақ” стипендиясы үміткерлерінің жас шамасына шектеу қойылады

“Болашақ” стипендиясы үміткерлерінің жас шамасына шектеу қойылады

   Министрлік Үкімет қаулысының тиісті жобасын әзірледі.

“Болашақ” бағдарламасына қатысушылардың жас шамасына қатысты шектеу енгізу көзделіп отыр. Бұл туралы Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу қағидаларын бекіту және “Болашақ” халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 маусымдағы № 573 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, – делінген хабарламада.
Қаулы жобасында үміткерлер үшін “Болашақ” халықаралық стипендиясын тағайындау жасын “50-ден аспаған” деп анықтау көзделген.
Жобаның мәтінімен ашық нормативтік-құқықтық актілер порталынан   танысуға болады.

Дереккөз: baribar.kz
01 наурыз 2019 ж. 474 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930