» » Апталық жұлдыз-жорамал

Апталық жұлдыз-жорамал

  ТОҚТЫ
 Жұмысыңызда, жеке өміріңізде қиындықтар туындайды. Өз күшіңізге сеніңіз. Болашақта табысқа жеткіңіз келсе, дүрбелеңге салынбаңыз. Табандылығыңыз дәрежеңіздің өсуіне жағдай жасайды.
ТОРПАҚ
Аптада өміріңіздегі ең маңызды мәселені шешу мүмкіндігі туады. Осы мүмкіндікті пайдаланыңыз. Идея мен практиканы үйлестіріп, арманыңызға жетіңіз.
ЕГІЗ
Сіздің жолыңыз болады. Бойыңызда бұғып жатқан өнеріңіз сыртқа шығады. Бірақ жақындарыңыздың шыдамдылығымен ойнамаңыз, әр нәрсенің өз шегі бар. Отбасы мүшелеріне оларды жақсы көретіңізді көрсетіңіз.
ШАЯН
Маңызды жұмыстан бас тартыңыз. Кезекті демалыс алып, денсаулығыңызға көбірек көңіл бөліңіз. Көңіліңіздегі мұң көңіл-күйіңізге айтарлықтай әсер етеді. Десе де қамықпаңыз, апта соңында жағымды жаңалық болмақ.
АРЫСТАН
Аптада жолыңыз оңынан болмақ. Барлық арманыңызды жүзеге асыруға тырысыңыз. Кездесулер мен таныстықтар көңіліңізден шығады. Жартыңызды да кездестіріп қалуыңыз мүмкін.
БИКЕШ
Барлық мәселені ақылға салып шешіңіз. Апта кемелдене түсуге ұмтылатын уақыт. Қызметіңіз жоғарылайды. Жұлдыздар қаржыны оңды-солды жұмсамауға кеңес береді.
ТАРАЗЫ
Аз уақыт жақындарыңыздан алыстай тұрыңыз. Өз өміріңізді ретке келтіріп алыңыз. Қаржылық жағдайлар орын алады. Барлығына сабырлылық танытсаңыз, жолыңыз болады.
САРЫШАЯН
Қоғамдағы беделіңіз артады. Көпшіліктің көзайымына айналатындай оқиғаға тап боласыз. Бұл оқиға сізді табысқа жеткізеді. Дәрежеңіз көтеріліп, беделді тұлғалармен танысасыз.
МЕРГЕН
Бәрін түбегейлі өзгерту немесе қаз қалпында қалдыру – тағдыр екінің бірін таңдауды талап етеді. Жұмыста, оқуда қаржылық жағдайда қандай жол таңдасаңыз да тек жақсылық әкеледі. Жоспарыңызды алдын ала жасаңыз. Келісімшартқа қол қойсаңыз, сан соғып қалуыңыз ықтимал.
ТАУЕШКІ
Сіздің жетістігіңізді қызғанатын жандар көп. Істеген ісіңізді жарияға жар салмаңыз. Әр сәтті бағалаңыз. Жаңа өмірдің есігін ашар сәт келді. Бәріне жоқ демей, өмірлік серігіңізді таңдаңыз.
СУҚҰЙҒЫШ
Аптада тек көтеріңкі көңіл-күйде боласыз. Жұмыста айыңыз оңынан туады. Өмірге күліп қараған адамға өмір ешқашан қабағын түймейтінін есте ұстаңыз.
БАЛЫҚ
Жаңа жобаны жүзеге асыратын сәт келді. Соңыңыздан ерер қаңқу сөздерге пысқырып қарамасаңыз да болады. Айтылған жерінде қалады. Кімнің кім екенін уақыт анықтайды.


30 тамыз 2018 ж. 1 144 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031