» » Өзіне қол салған баланың анасы: Мұғалімі "анаң еден жуады, сен қайдан шыққан тәкаппарсың" деп ұрысқан

Өзіне қол салған баланың анасы: Мұғалімі "анаң еден жуады, сен қайдан шыққан тәкаппарсың" деп ұрысқан

  Алматы облысында өзіне қол салған баланың анасы ұлының өліміне мұғалімін кінәлап отыр. Оның айтуынша, мұғалім ұлы Асланды ұрып-соғып, сыныптастарының көзінше төмендеткен.

Туғанбай ауылының №30 мектеп директоры қайғылы оқиға болған күні Аслан мен 7-сынып оқушысының арасында жанжал болғанын айтады. Оған сынып жетекшісі араласқан. Бірақ мұғалімнің қалай ұрысқанын, не айтқанын директор білмейді, деп хабарлайды Алматы арнасы.  
"Бұл жағдай біз үшін соққы болды. Мұғалімнен де, Асланнан да артық қылық байқамағам. Аслан жақсы бала еді. Мектеп шарасына қатысып жүрді. Ән айтып, белсенді жүрді. Орташа оқитын. Ал, педагог 35 жыл жұмыс істеген. Жанжал болғанын растаймын", - дейді мектеп басшысы Данияр Аманжолов. 
Ал, оқушының жақындары мұғалімнің Асланға қол көтергенін, сыныптастарының көзінше төмендеткенін айтады. Осы сыныпта марқұм ұлдың қарындасы да оқыған. 
"Мұғалімі Асланды бәрінің көзінше ұрып-соққан. Жүзігімен ұрып, қасын қанатқан. Бәрінің көзінше тізерлеп тұрып кешірім сұратқан. Бұның өзі одан кейін айқан сөзінің қасында түк емес. Сол сыныпта оқитын қарындасының көзінше "Сенің анаң бұл мектепте еден жуады, бәрінің артын тазалайды, ал сен қайдан шыққан тәкаппарсың?" деген. Иә, мен ол жерде еден жуам. Бірақ ол үшін балаға осындай сөз айту керек пе?", - деді анасы Сейсенбинова. 
Аслан бокс грушасы ілініп тұрған сарайда асылап қалған. Бұл туралы отбасының келіні Әйгерім Секен айтты. Баланы арқаннан түсіре алмаған. Жедел жәрдем 20 минутта келіпті. Бірақ бұл кезде бәрі кеш еді. 
"Егер 10 минут бұрын байқағанда бәрі басқаша болар еді, бірақ үлгермедік. Оның денесі көгеріп кетіпті. Әкем арқанды кесіп жіберді", - дейді бойжеткен. 
"Жерлеу болатын күні мұғалім күйеуімен келіп кешірім сұрады. Одан "менің ұлымды ұрдың ба, ұрыстың ба?" деп сұрадым. Ол солай болғанын, бірақ бәрі ашулықпен айтылғанын жеткізді. Оның туыстары келіп ақша ұсынды. Бірақ мен арызымды қайтып алмаймын. Баламды тірілтіп берсін. Ол 9-сыныптан соң колледжге түспек болды. Оған біраз айлар ғана қалған еді", - дейді баланың әкесі Ержан Ғазизов. 
Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Көбейхан Нұрахмет "Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты. Іс облыстық департамент назарында. Тергеу жүріп жатыр. 
14 наурыз 2019 ж. 1 716 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031