» » ЖАМАН АЙТПАЙ ЖАҚСЫ ЖОҚ

ЖАМАН АЙТПАЙ ЖАҚСЫ ЖОҚ

  Балалардың отпен ойнау салдарынан туындайтын өртті болдырмау үшін:
‒ балаларға от ойыншық емес, ол тамақ пісіріп, жылу беретін құрал екенін, мұны тек үлкен адамдар ғана пайдаланатынын айтыңыздар;
‒ балаларыңыздан сіріңке мен тұтандырғышты әперіп жіберуін сұрамаңыз, балалар үлкендерге қарап, олардың ісін қайталайтынын ұмытпаңыз;
‒ кішкентай балаларыңызды олардың тауып алған сіріңкелері мен тұтандырғыштарын сізге қайтарып беруіне үйретіңіз әрі мұндай жауаптылық көрсеткені үшін оларды мақтап қою қажет;
‒ отпен ойнау салдарынан болған оқиғаларды назардан тыс қалдырмаңыз, атап айтқанда күйген киім, қалталарында жүрген сіріңкелер мен тұтандырғыштар;
‒ балаларды үнемі қадағалау қажет, оларды аз уақытқа да жалғыз қалдырмауға тырысыңыз;
‒ балалардың бос уақытын қызықты өткізуін ұйымдастырыңыз;
«Жаман айтпай жақсы жоқ» дегендей, өрт болған жағдайда балаларды дұрыс әрекет етуге баулыңыз:
‒ өрттің шығуын немесе жану белгілерін байқаған кезде бүлдіршін ересектерге немесе «101», «102» өрт сөндіру бөлімінің телефон нөмірлеріне хабарлау және тез арада бөлмеден, үйден шығып кету керек екенін;
‒ тыйым салынған тартымды келеді, сондықтан «Болмайды!» дегеннен гөрі, бір қорап сіріңкенің салдарынан келетін қауіпті түсіндірген пайдалы.
Бұл кеңестерді әрбір ата-ана жадында сақтағаны абзал. Себебі тек үлкен қамқорлықпен ғана біз балалардың отпен ойнауынан туындайтын өрттердің алдын алып, өз үйімізді, мүлкімізді және ең бастысы бүлдіршіндеріміздің өмірін сақтап қаламыз!
Е.ЖӘКЕЙ,
Қазалы ауданының Төтенше жағдайлар бөлімінің аға инжинері азаматтық қорғау капитаны
14 наурыз 2019 ж. 986 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031