ҚҰРМЕТТІ ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!
2018 жылдың 14 шілде күні сағат 00:00–ден бастап, таңғы сағат 05:00-ге дейін «Нұрлы жол» бағдарламасымен қайта жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқан ауыз су жүйелерін қолданыстағы жүйеге қосу жұмыстарына байланысты «Южный» мөлтек ауданы, Абай даңғылы-Панфилов және М.Шоқай-Панфилов көшелері қиылысында орналасқан ашып-жабу камераларында құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіледі.Осыған сәйкес, аталған уақытта Тасбөгет қыстағы, СПМК-70, «Астана», «Сырдария», «Ипподром», «Арай», «Саяхат», «Сәулет», «Шұғыла» және қала орталығына ауыз су беру уақытша тоқтатылады.
Қала тұрғындарынан қажетті ауыз су көлемін жинап алуларыңызды және атқарылатын жұмыстарға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз.