» » 500 МЫҢМЕН TOYOTA МІНГЕН...

500 МЫҢМЕН TOYOTA МІНГЕН...

   Астындағы темір тұлпары үшін жұмысын тастапты дегенді бұрын-соңды естіп па едіңіз? Біздің бүгінгі кейіпкеріміз берекесін жұмыстан емес көліктен тапқан. Ол қалай болды деген сауал көкейіңізде тұрған болар. Әлімжан алғашында банктен 500 мың теңге несие алып, жұмысқа қатынауға Opel  vectra маркалы көлік сатып алады. Алғашқы көлігі болған соң ұқыпты қарап, майда-шүйде ақауларын ретке келтіреді. Бірде  әріптестері көлігіне қызығып, сатып алуға ұсыныс білдіреді. Көлікке ұсынған бағасы 750 мың екен. Әлімжанның ойы сансаққа кетеді. Сатып жіберіп, көліксіз қаламын ба деген ой көп мазалапты.  Тәуекелге бел байлап, айтқан сомасына сатып жібереді. Апта өтпестен кейіпкеріміз 480 мың теңгеге Volkswagen Golf мінеді. Алғашқы көлігінен айға жетпей 270 мың теңге пайда көреді. Әлімжанның әлгі көлігі көп ұзамастан Kolesa.kz сайтына сатылымға шығады. Сұрап келушілер көбейді. Әр қайсысымен сөйлесу үшін жұмыстан босауы тиіс. Осы себепке сәйкес  70 мың теңге жалақы алатын Әлімжан жұмыстан  кетуіне тура келді.

         – Иә, ай-сайын алып тұрған жалақым да тоқтады. Алғашқы көлігім сәттілікке итермелеп, қолым шыға бастады. Бір айда үш машина мініп, қайта сатып жібердім. Үшеуінен түскен ақша 450 мыңға жуықтайды. Күнделікті қарағаным Kolesa.kz. Аудан демей Аралға дейін барып келдім. Көбіне аудандардан алып, қалаға сатқанды құп көрдім. Тапқан пайдамды босқа жұмсамай үстін-үстіне қосып көлігімнің маркасын жаңарта бастадым. Не керек. Mercedes-тың түр-түрін міндім. 124 кузовынан бастап лупарикке дейін алып саттым. Айналысқаныма бір жылдан аса уақыт өтіпті. Бүгінде шүкіршілік астымдағы тұлпарым toyota camry. 2 жарым млн-ға сұрап жүргендер көп. Жақын маңда мұны да жаңа егесіне шығарып саламын. Алып сатудың арқасында несиеден толықтай құтылдым. Санап қарасам бір жылда 10 автокөлік мініпппін. Тағы бір ескеретін жайт көлікті таңдар кезде қоғамға қажеттісін алған жөн. Сонда ғана сатуға ыңғайлы болады, – дейді Әлімжан.

         Мұндай іске адамға ең алдымен ептілік қажет. Сауда саттықтың айналасында жүру де қиын шаруа. Сондықтан кейіпкеріміздің берекелі ісіне сәттілік тілейміз.

Ерасыл ШӘРІБЕК
16 наурыз 2019 ж. 564 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031