Депутат тілі

Ал жалпы, өз тілімізді өзіміз үйрену сапалы оқулық пен білімді ұстаздан бөлек, психологиямызды түзету керек. Яғни, сананы таттан тазарту қажет. Сонда ғана ойымыз азат, рухымыз еркін болмақ.
Тағы бір мысал, бәріміз күнделікті бір көз салып қоятын Ютуб желісінен Иран қазақтары туралы бағдарлама көріп отырғанмын. Сол жақтың қазақтарының "парсы тілін білеміз, бірақ өзара қазақша сөйлесеміз, ол сіздер ғой бүтін ел бола тұра орысша қосасыздар" деген пікіріне намыстанбау мүмкін емес. Шыны керек, Мәсімов үкіметбасы кезінде, министрлер қазақша көбірек сөйлейтін. Жаңа Үкіметтен қазірше ондай талап байқала қоймайды. Бірақ министрлер арасында қазақшаға тілі жатықтар аз емес. Оны күнделікті эфирден де көріп жүрміз. Тіліміздің ендігі тағдыры осы "төрелерге" байланысты.
Байтөгей СУАН