Арман қала

«Елу жылда ел жаңа» деген екен дана халқымыз. Бүгін бізге байқалған өзгерістер ертеңгі күнде тарихқа айналып, болашақ ұрпақ та өзінің сүйікті қаласын басқаша көзбен қарайтынына, олардың бұдан да бөлек, бұдан да көркем қалада өмір сүретініне мен сенемін. Менің арманымдағы Қызылорда – жасыл желекке оранған, сәулет өнерінің заманауи әсем туындыларымен көз тартатын, халқы берекелі, жастары өнерлі, ең таза қала. Осы арманымды жүзеге асыруға атсалысамын деп ойлаймын.
Әлия ТАНАБАЙ,
№138 орта мектептің
8 сынып оқушысы