» » Теміржол вокзалы

Теміржол вокзалы

    Үш ғасырда бұл шаһардың атауы үш рет өзгерді. 1820 жылы Ақмешіт бекінісіне келіп, қоқандықтардан жәбір көрген халыққа көмек қолын созған губернатор В.А.Перовскийдің құрметіне орай қаланың аты Перовск деп аталды. Перовск шаһарының ескі ғимаратын бүгінгі Қызылордадан көре аласыз. Алыстан ат арытып келген мейманды қарсы алатын вокзалдың өзі 1900-1905 жылдар аралығында Орынбор-Ташкент темір жолы іске қосылғаннан кейін салынған.
Қызылорда облысының барлық ауданы темір жолдың бойында орналасқандықтан аудандардағы вокзал құрылысының тарихы сол жылдармен тұспа-тұс келеді. Алғаш тұрғызылған кезде темір жол вокзалы бір қабатты болды. Кейіннен 1969 жылы үш қабатты жаңа вокзал іске қосылды. Ескі вокзалдың қайта жөндеуден өткен бүгінгі келбетіне қарасаңыз, жаңа ғимарат тәрізді. Вокзал маңындағы 1905 жылы салынған тұрғын үйлер әлі де халықтың игілігіне жарап тұр. Кезінде Перовскідегі қайнаған тіршіліктің белгісі ретінде бүгінгі қаладағы бірнеше көне орындарды айтуға болады. Мәселен, қазіргі уақытта Қызылордадағы көпестерден қалған жалғыз үйдің тарихы 1878 жылдан басталады. Бұл үй инженер әрі генерал Брюноның жобасы бойынша салыныпты. Ертеректе мұнда қыздардың шіркеу училищесі орналасқан. Одан кейін тігін-тоқыма фабрикасы мен баспахана өз өнімін осы жерде шығарды. Қазір бұл ескі ғимарат та сауда үйіне айналған.
30 тамыз 2018 ж. 1 603 0

PDF нұсқалар мұрағаты

46-375

19 қараша 2020 ж.

45-374

12 қараша 2020 ж.

44-373

05 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031